Жоңышқа егу және дұрыс өсіру. Клеверді (Люцерна) өсіру

Мал шаруашылығымен айналысқан адамдардың бәрі біледі: малға сапалы жем беру керек. Қаражатты үнемдеу үшін өзіңіздін жер аумақта жоңышқаны сеуіп өсіруге болады. Жоңышқаны тек сиырлар мен жылқылар ғана емес, құстар да жақсы көреді. Оның үстіне жонышқаның өсіруі топыраққа өте пайдалы болып шығады. Сол шөп жерді азотпен байытады. Ертең аймақтағы топырақта жоңышқадан кейін жақсы егінді шығаруға болады.

Жоңышқа деген не?

Жоңышқа (Люцерна) —  бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Жоңышқа биіктігі 80-85 см жетеді. Өсімдіктің тамыр жүйесі күшті және қалың. Сабақтар тік, кішкентай, тығыз орналасқан жапырақтармен жабылған. Жоңышқа көбінесе мал азығы үшін өсіріледі. Жоңышқа топырақты қоректік заттармен қанықтырады.

жоңышқа егу себу жонышка шөп шоп

Жоңышқа барлық шабындық дақылдар арасында ең жоғары қоректік құндылыққа ие. Жақсы бейімделген топырақта өсірілгенде, жоңышқа көбінесе жоғары өнімді жемшөп өсімдігі болып саналады. Бірақ оның басты артықшылығы-гектардан жоғары өнімділік пен жоғары қоректік сапаның үйлесуі

Жоңышқаны қашан себу керек: күзде ма әлде көктемде?

Жаңадан бастаған егінші диқандарда жоңышқа себу уақыты туралы сұрақтары көп. Көбінесе жоңышқаны наурыз айының ортасында, қар ерігеннен кейін бірден егіледі. Осы кезеңде топырақ мол ылғалданған. Ол тұқымның дамуына керемет әсер етеді. Дегенмен, тәжірибелі агрономдар күзде де жоңышқа себуге болады деп мәлімдейді. Қазан немесе қыркүйек айларында. Бұл жағдайда алғашқы өскіндерді мамыр айының басында күту керек. Қыстап шыққан тұқымдар табиғи шынықтырудан өтеді. Осының арқасында өсімдік аурулар мен зиянкестердің шабуылына орнықты болады.

Жоңышқа қандай өсімдіктермен қатар өсіріледі?

Өскіндерді қалың және жасыл ету үшін тәжірибелі диқандар жоңышқаны сұлымен бірге себуге кеңес береді. Егер сіз басқа өсімдіктермен бірге бұршақ дақылдарын өсіргіңіз келсе, онда сіз әр өсімдіктің вегетациялық кезеңін және олардың әрқайсысына күтім жасау жағдайларын ескеруіңіз керексіз.

Жоңышқа егу алдындағы тұқымын дайындау

Өскіндер жақсы өсу, сау ересек шөпке айналуы үшін оның егу алдында тұқымдарды өңдеу керек. Әдетте оны құммен қажалтып үзеді де, 24 сағатқа суға салып, жақсылап кептіреді. Бұл жақсы өнім алудың міндетті шарты орыс диқандар нұсқасы бойынша.

Жоңышқа неше күнде шығады?

Жоңышқа себу кезінде температура мен ылғалдылық өте маңызды. Егер топырақ жақсы жылынып, ылғалмен қаныққан болса, тұқымдар 7 күннен кейін өніп шығуы мүмкін. Жоңышқа өсінділері температураның төмендеуіне оңай төтеп бере алады.

жоңышқа егу жонышка қашан қанша неше күнде шығады

Жоңышқа неше күнде шығады? Жоңышқа шабудың ең жақсы уақыты-бүршіктің соңы-гүлденудің басталуы. Осы кезеңге дейін өсімдіктер жоғары сапалы жасыл масса көлемін белсенді түрде жинақтайды. Сонымен жоңышқа 8-10 аптада кесуге дайын екенін білдіреді.

 

Оставьте комментарий